Елена Рыбакина Бейжіңдегі жарыста ұпай қорын толықтыра ала ма

АСТАНА. KAZINFORM – 30 қыркүйек – 11 қазан аралығында өтетін Бейжің (Қытай) WTA 1000 турнирінің жеребесі тартылды.

Фото: Sports.kz

Бұл қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның әлемнің 1-ракеткасы ретінде қатысатын алғашқы жарысы болмақ.

Е.Рыбакина доданы екінші айналымнан бастап әлемнің 45-ракеткасы, украиналық Юлия Стародубцева немесе рейтингіде 118-орындағы армениялық Алина Чараеваның қай жеңгенімен кездеседі. 

Қазақстандық спортшы биыл Ролан Гаррос турнирінде Ю.Стародубцевадан күтпеген жерден жеңіліс тапса, кейін өзі жеңімпаз атанған АҚШ ашық чемпионатында есе қайтарған еді. Олардың бұл жолы да жолдары тоқайласуы ықтимал. 

Жүлде қоры 9,5 млн АҚШ долларына жуықтайтын China Open турнирінде өткен жылы америкалық, қазіргі кезде рейтингіде 11-сатыдағы Аманда Анисимова үздік шыққан.

Е.Рыбакина үшінші айналымнан аса алмаған еді. 

Қазақстандық теннисші Бейжіңде бастапқы жаттығуын өткізіп үлгерді. 

Қытай астанасында Е.Рыбакинаның басты қарсыластарының бірі, әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко да бақ сынайды. Өткен жылы бұл жарысқа қатыспаған А.Соболенко сәтті өнер көрсетсе, ұпай қорын толықтыра алады. 

Елена Рыбакина бүгін жаңартылған WTA чемпиондық кестесінде де көшбасшылық рөлін сақтап қалды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Президенттің Елена Рыбакинаны ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттағанын жазған едік.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті.