Елена Рыбакина биыл тапқан табысы жөнінде әйелдер арасында көш бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның және әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина биылғы маусымда тапқан табысы жөнінен үздіктер қатарына енді.

Фото: ҚТФ

Sportico басылымының мәлім еткеніндей, қазақстандық теннисші 2026 жылы 11,3 млн АҚШ доллары көлемінде табыс тапқан. Бұл – әйелдер арасында ең үздік көрсеткіш. 

Әлемде Германия өкілі Александр Зверев ($ 18,18 млн) көш бастаса, испаниялық Карлос Алькарас ($ 12,55 млн) екінші орында, италиялық Янник Синнер ($ 11,61 млн) үздік үштікті түйіндеп тұр. Е.Рыбакина төртінші сатыда.

Sportico мәліметі бойынша ТОП-15-ке кіргендер:

1. Александр Зверев (Германия) — $ 18,18 млн.
2. Карлос Алькарас (Испания) — $ 12,55 млн.
3. Янник Синнер (Италия) — $ 11,61 млн.
4. Елена Рыбакина (Қазақстан) — $ 11,13 млн.
5. Мирра Андреева (Ресей) — $ 10,65 млн.
6. Арина Соболенко (Беларусь) — $ 8,61 млн.
7. Бен Шелтон (АҚШ) — $ 8,29 млн.
8. Линда Носкова (Чехия) — $ 8,29 млн.
9. Кори Гауфф (АҚШ) — $ 7,76 млн.
10. Джессика Пегула (АҚШ) — $ 6,47 млн.
11. Элина Свитолина (Украина) — $ 6,15 млн.
12. Каролина Мухова (Чехия) — $ 5,67 млн.
13. Даниил Медведев (Ресей) — $ 5,66 млн.
14. Флавио Коболли (Италия) — $ 5,31 млн.
15. Фрэнсис Тиафо (АҚШ) — $ 5,21 млн.

Елена Рыбакина биылғы маусымда Аустралия және АҚШ ашық чемпионаттарында, Штутгарт пен Нинбо WTA 500 турнирінде жеңімпаз атанған болатын. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ATP қорытынды турнирінде үздік шыққан Карлос Алькарастың ерекше нәтижеге қол жеткізгенін жазған едік.