АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің екі дүркін чемпионы Елена Рыбакина ерекше көрсеткішпен көзге түсті.
Қазақстандық теннисші биылғы маусымда барлық алты WTA 1000 жарысының 1/8 финалына жеткен жалғыз теннисші атанды.
Рим WTA 1000 додасының төртінші айналымына жолдама алған Е.Рыбакина осы турнирде қазірдің өзінде 79 510 еуро көлемінде табыс тауып, 120 рейтингілік ұпайға қол жеткізді.
WTA Live рейтингісінде 8 610 ұпаймен Рыбакина екінші орында нық тұр. Көш басындағы Беларусь өкілі Арина Соболенконың 9 960 ұпайы бар. Қазақстандық теннисші алдағы кездесулерін сәтті өткізсе, айырмашылық одан сайын қысқарады.
Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін германиялық Лаура Зигемунд немесе чехиялық Каролина Плишкованың біреуімен ойнайды.
Сонымен қатар Римде Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина америкалық Эйжа Мухаммадпен бірге өнер көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Рим турнирінің төртінші айналымына жолдама алғанын жазған едік.
Рим мастерс турнирінде Александр Бублик төртінші айналымнан тыс қалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).