АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Дубай WTA 1000 турнирінің ширек финалдық ойынына қатысудан бас тартты.
Championat.com сайтының хабарлауынша, қазақстандық теннисші асқазан-ішек жолдарының ауруына қатысты осындай шешім қабылдаған.
Елена Рыбакина бүгін ширек финалда әлемнің 26-ракеткасы, италиялық Ясмина Паолинимен кездесуі тиіс болатын. Бірақ отандасымыз кортқа шықан жоқ.
Осылайша, италиялық спортшы еш қиындықсыз жартылай финалға жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның 2 айда 5 рет WTA турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).