АСТАНА. KAZINFORM — Алматы қаласында спорт пен бизнес саласында ұлттық Metaratings Top Awards сыйлығы табысталды.
Оның қорытындысымен түрлі аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталды.
Аталмыш байқву биыл үшінші рет ұйымдастырылды. Биылғы наурыздың 10-20-сы аралығындағы халықтық дауыс беру нәтижелерін ескере отырып, қазылар алқасы әр аталымда үш үміткердің ішінен біреуін таңдады.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина ең көп дауыс жинап, «Жыл спортшысы» марапатына ие болды. Осылайша, Елена екінші рет спорт жанкүйерлерінің таңдауына ілікті. Беделді басылымның 2024 жылы өткізген байқауында да ол жыл үздігі атанған еді.
Е.Рыбакина өткен жыл соңында WTA қррытынды турнирінде алғаш рет үздік шықты. Сондай-ақ биыл Аустралия ашық чемпионатында топ жарды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Билли Джин Кинг кубогында Қазақстан құрамасының Испаниямен ойнайтынын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).