Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Джессика Пегулаға қарсы келді.
Бұл қос спортшының өзара сегізінші кездесуі еді. Осыған дейін 7 матчтың төртеуінде Рыбакина жеңді.
Бірінші партияда Елена айқын басымдылық танытты — 6:1.
Екінші сетте Пегула 4:2 есебімен алға кеткенімен, Рыбакина таразы басын теңестіре алды — 4:4. Ақыры тай-брейкте мерейі үстем болды — 7:6 (7:4).
Бір сағат 28 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 7 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Пегула 5 эйс, бір брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.
Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен таласады. Ол ширек финалда әлемнің 2-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекті қапы қалдырды — 6:2, 4:6, 6:4.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Индиан-Уэллс турнирінде ширек финалға шыққан Елена Рыбакинаның өткен жылғы көрсеткішін жақсартқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Билли Джин Кинг кубогында Қазақстан мен Канада құрамаларында кімдер ойнайтыны белгілі болды.
Анна Данилина Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты.