Жеребе қорытындысы бойынша, әлемнің бірінші ракеткасы бірінші топқа түсті. Онда ол америкалық теннисшілер Кори Гауфф және Джессика Пегуламен, сондай-ақ чехиялық Линда Носковамен кездеседі.
Ал екінші топқа Беларусь өкілі Арина Соболенко, ресейлік Мирра Андреева, украиналық Элина Свитолина және чехиялық Каролина Мухова енді.
Топтық кезеңде әр теннисші үш матч өткізеді. Әр топтан үздік нәтиже көрсеткен екі спортшы плей-офф кезеңіне жолдама алады.
Айта кетейік, Елена Рыбакина – WTA қорытынды турнирінің қазіргі чемпионы. Былтыр қазақстандық теннисші финалда Арина Соболенконы жеңіп, жарыс жеңімпазы атанған болатын. Биыл Рыбакина чемпиондық атағын қорғауға мүмкіндік алады.
Бұған дейін Рыбакинаның Токио турнирінде қанша сыйақы алғанын жаздық.