АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елена Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет әлемдік рейтингіде үздік ондыққа енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингіні алдағы дүйсенбіде жаңартады.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Аустралия ашық чемпионатының финалына шыққаннан кейін Елена Рыбакина қазіргі сәтте 25-тен бірден 10-орынға көтеріліп тұр.
Бұл – Е. Рыбакина үшін рекордтық көрсеткіш болмақ. Оның бұдан бұрынғы үздік нәтижесі 12-саты еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Елена Рыбакинаның финалға жолдама үшін таласатынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, қазақстандық теннисшілер Үндістандағы жарыстың ширек финалына шықты.
Елена Рыбакина алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты.
Финалға шыққан Елена Рыбакина 1 млн астам доллар табыс тапты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).