Қазақстандық теннисшілер Үндістандағы турнирдің ширек финалына шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар, әлемдік рейтингте 483-орында тұрған Жібек Құламбаева мен Гөзал Айнитдинова (585 WTA) жұптық сында Үндістанның Пуна қаласында өтіп жатқан ITF W40 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық жұп бастапқы кездесуінде жапониялықтар Эрина Хаяши – Саки Имамураны 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Жібек пен Гөзал жартылай финалға шығу үшін өзбекстандық Нигина Абдураимова – тайбэйлік Ен-Шу Лангпен таласады.

Жекелей сында қазақстандықтар екінші айналымнан аса алмады.

Аустралияда «Мельбурн Парк» стадионының атақты корттарында Аустралия ашық чемпионатына орайластырылған Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy жасөспірімдер жарысы өтуде. 14 жастағы қазақстандық Альбина Кәкенова финалға шықты. «В» тобында Альбина үш матчта да жеңіске жетті. Ертең финалда жапониялық Хикари Ямоммотомен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында жартылай финалға шыққан теннисшілердің анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Аустралия чемпионатында Елена Рыбакина финалға жолдама үшін таласады.

Фото – Қазақстан теннис федерациясы.


Соңғы жаңалықтар