Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында мәлім етті.
«Энергетика министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойныша құрылған арнайы комиссия жұмысы аясында 37 жылу электр орталығының техникалық жай-күйіне талдау жүргізді. «Қызыл» аймаққа – 19, «сары» аймаққа - 11, «жасыл» аймаққа – 7 ЖЭО кірді», - деді министр.
Ведомство басшысы ЖЭО-ларды тәуекел аймақтар бойынша анықтау кезінде 4 өлшемшарт ескерілгенін айтты.
«Бірінші – жабдықтың тозуы. Оның орташа тозу көрсеткіші – 66 пайыз. Бұл ретте Орал, Степногор, Тараз, Қызылорда, Кентау қалаларындағы ЖЭО-ның тозуы 80%-дан асады. Елдегі ЖЭО-ның орташа жасы - 61. Оның ішінде ЖЭО-ның шамамен 76% 50 жылдан астам уақыт жұмыс істеп тұр. 2021 жылдың қорытындысы бойынша электр стансаларындағы авариялық ажыратулар саны 2020 жылмен салыстырғанда 5% артты», - деді Болат Ақшолақов.