Бұрын жасалған 745 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 65 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 137 қылмыскер ұсталды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 51 қылмыс анықталды, оның ішінде 25 сату фактісі. Cондай-ақ, 66 келіден аса есірткі заты тәркіленді.
15:12, 31 Шілде 2013
Елімізде апта ішінде 6,7 мың қылмыс тіркелді - ҚР ІІМ
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Апта ішінде 6 743 қылмыс тіркелсе, «ізі суымай» 2 977 қылмыстың беті ашылды. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ баспасөз қызметінен хабарланды.