Елімізде бір апта ішінде 3268 қылмыс тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде бір апта ішінде 3268 қылмыс тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өткізген онлайн брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір апта ішінде 3268 қылмыс жасалды, оның 2070-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіру, 2 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 11 қарақшылық, 32 тонау және 458 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - дейді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев.

Еске сала кетсек, ақпан айының соңғы аптасында 3366 қылмыс тіркелген. Оның 2184-і тәулік ішінде ашылған.