«Іс-шара қорытындысы бойынша 259 компьютерлік қылмыстар мен авторлық және аралас құқықтарды бұзу фактісі анықталды, еркін айналымда тыйым салынған 40 мың дана өнім, сонымен қатар, 39 мыңнан астам контрафактілік диск, 173 порнографиялық мазмұндағы диск тәркіленді», - деді ресми өкіл.
15:07, 06 Наурыз 2013
Елімізде екі күн ішінде 40 мың дана контрафактілік диск тәркіленді
АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - 26-28 ақпан күндері республика аумағында ақпараттық технологиялар бағытындағы қылмыстарды анықтауға, олардың жолын кесуге және ашуға, сондай-ақ еркін айналымда тыйым салынған өнімдерді заңсыз дайындаумен, көбейтумен және сатумен айналысатын тұлғаларды анықтауға бағытталған «Контрафакт» жедел алдын алу іс-шаралары өтті. Бұл туралы бүгін өткен апталық брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.