Елімізде екі облыстағы жол жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райына байланысты елімізде екі облыстың жолдары жабылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

25 наурызда Ақтөбе облысында көктайғаққа байланыстыреспубликалық маңызы бар теміржол учаскесінде «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» 200-220 шақырымы аралығында;

Ауа райының нашарлауына байланысты (қар) «Ақтөбе-Родниковка-Мәртөк» облыстық автожолының 10-74 шақырымы аралығында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

25 наурызда Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын жел) «Сарыкөл-Большие Дубравы» облыстық автожолдың 0-56 шақырымы аралығында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.