Елімізде Көші-қон қызметі комитеті құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен Қазақстан Республикасының Үкіметіне ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетін құруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының 2017 - 2021 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасын әзірленуі тиіс.

Бұған дейін хабарланғандай , Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Жарлыққа қол қойды.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) қайта бөлiнетiн штат саны шеңберінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетін құруды;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар арасында штат санын қайта бөлуді;

3) 2017 жылғы 1 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының 2017 - 2021 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасын әзірлеуді;

4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін», делінген құжатта.

Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелген.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.