«Жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша 2016 жылы республикамызда сауықтыру демалысымен 2 млн.220 мың бала (86,7 пайыз) қамтылған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,7 пайызға артты»,-деп атап өтілген ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінде.
Оның ішінде жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны 15 пайызға ұлғайды. Бұдан бөлек аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар саны 45,3 пайызға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар 38,4 пайызға, дарынды балалар саны 57,2 пайызға артты.
Атап айтқанда, білім басқармаларының деректеріне сүйенсек, елімізде 2016 жылы 12 689 сауықтыру лагерьлері мен алаңдар жұмыс істеген. Оның ішінде 240 қала сыртындағы лагерьлер, жыл бойғы жұмыс істейтін 15 демалыс орны, 11 137 мектеп жанындағы лагерьлер, сондай-ақ 1298 шатырлы немесе киіз үйлі, спорттық және өлкетанушылық лагерьлер бар.