«Бір апта ішінде 3363 қылмыс жасалса, оның 2185-і бір тәулік ішінде ашылған. 15 кісі өлтіру фактісі тіркелді, оның 7 жағдайында қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіріліп, салдарынан жәбірленуші қайтыс болды», - деп атап өтті ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Оның айтуынша, ауыр қылмыстардың басым бөлігі отбасылық-тұрмыстық салаға қатысты болған.