Вице-министрдің айтуынша, сотталғандардың атына сәлемдемелер жіберуді тоқтатумен қатар, түзеу мекемелеріндегі дүкендерден қажетті бұйымдар мен азық-түлік алуға арналған айлық есептік көрсеткіш көлемін өсіру жоспарланып отыр.
«Мекемелердің аумағында ақшаның мұндай ресми айналымы жоқ, бірақ олардың барлығының қолында карточкалар бар. Олар дүкендерден карточкалар арқылы азық-түлік, бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алады. Ал сәлемдемелер, біріншіден, тыйым салынған заттардың түрмелерге өтуіне жол ашады. Екіншіден, камерада сақтауға мүмкін болмайтын азық-түліктер де келеді. Үшіншіден, сәлемдемелерді жинау және жіберу карточкаға ақша аударуға қарағанда қиындау», - деді А. Күреңбаев.