«Еліміз бойынша мектепке дейінгі біліммен 900 мыңға жуық бала қамтылған. Карантиндік шектеулер жағдайында ата-аналардың қалауы бойынша балабақшаларға балалардың жалпы санының 18,7 пайызы барады», - делінген министрлік мәліметінде.
Қазіргі кезде елімізде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 15 709 кезекші топ жұмыс істейді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мектептер мен балабақшалар айрықша бақылау нысанына айналуы тиіс екенін айтқан еді.