Еліміздегі заң бұзушылықтардың басым бөлігін ұрлық құрап отыр - Қ. Қасымов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жасалатын заң бұзушылықтардың 60 пайыздан астамы ұрлық қылмысымен байланысты. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі жергілікті полиция қызметі тақырыбына арналған Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның жалпы криминогендік ахуалында бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысты қылмыстар үлесі алпыс пайыздан асады. «Тіпті кейбір өңірлерде ұрлыққа қатысты қылмыстың үлесі одан да жоғары. Сосын қылмыстың басым бөлігін жеңіл және орташа ауыр қылмыстар құрап отыр. Атап айтқанда, олардың ішінде қалта телефоны ұрлығы, көлік тонау, қалта ұрлығы және тағы басқалар бар. Халық арасында осындай ұсақ қылмыстар кең етек алған. Шындығында, жұртшылықтың полицияның ұрлықпен күресіне көңілі толмауы да мүмкін. Өйткені, құқық қорғау органдары ұрлықпен күрестегі ахуалды жақсарта алмай келеді. Дегенмен, жергілікті полицияның қызметі осы бағыттағы жағдайды жақсартады деген үміттеміз», - деді министр Қ. Қасымов.

Бұл ретте ведомство басшысы ұрлықпен күресте жалпы жұртшылық пен әкімдіктер де өз өңірлерінде жергілікті полициямен бірлесе жұмысты жандандыруы керек.