Ақмола облысы
7 наурыз, сағат 18:00-ден бастап жел күшейіп, жолдың көрінуі төмендеуіне байланысты "Екатеринбург - Алматы" тас жолының учаскесінде (917-995 км, Жаксы ауданы - Атбасар қаласы аралығы) жүк көліктерінің қозғалысы тоқтатылды.
Шығыс Қазақстан облысы
7 наурыз, сағат 17:00-ден бастап бұрқасын соғып, жолдың көрінуі төмендеуіне байланысты облыстық маңызы бар жолдардың кей бөліктерінде көлік қозғалысы шектелді:
- "Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха" автожолы, (30-70 км, Михальченко ауылы мен Краснояр ауылы аралығы);
- «Воскресеновка-Петропавловка-Шелехово-Белағаш-Дмитриевка» (0-22 км), көліктің барлық түрлері үшін;
Қостанай облысы
7 наурыздан бастап бұрқасын соғып, жолдың көрінуі төмендеуіне байланысты республикалық маңызы бар жолдардың кей бөліктерінде көлік қозғалысы шектелді:
"Қарасу-Большая Чураковка" (0-114 км);
"Сарыкөл-Большие Дубровы" (0-56 км);
"Ұзынкөл- Сарыкөл" (0-79 км);
"Рудный-Качары-Федоровка" (0-83 км);
"Красная Пресня-Звериноголовское" (0-56 км), көліктің барлық түрлері үшін;
Солтүстік Қазақстан облысы
7 наурыз, сағат 19:00-ден бастап бұрқасын соғып, жолдың көрінуі төмендеуіне байланысты облыстағы барлық жолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.