Атап айтқанда, су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою мақсатында 10,37 мың тонна жанар-жағар май, 188 мың тонна инертті материалдар, 1084,8 мың тонна қап, 89,4 тонна жарылғыш заттар көлемінде қор әзірленді. Елід мекендерден қар шығару жұмыстары жалғастырылып жатыр.
Әкімдіктің төтенше жағдайлар үшін қорында 6,39 млрд. теңге көлемінде қаражат бар. ҚР ІІМ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп апаттан құтқару бөлімшелерінің топтары құрылды, оның құрамында 23 972 адам бар, олар 7361 техникамен, 982 суда жүзу құралдарымен, 16 тікұшақпен жарақталған. Ал су тасқыны салдарын жою үшін 8260 адамнан тұратын топ құрылды, олар 1230 техникамен, 9 тікұшақпен, 211 суда жүзу құралдарымен жабдықталған (оның ішінде Ұлттық гвардиядан - жеке құрамнан 2585 адам, 260 техника, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінен - жеке құрамынан 760 адам мен 79 техника). Орталық, шығыс және солтүстік өңірлерде су тасқыны қаупін ескерумен 7 сәуірден бастап ҚР ІІМ Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында басқа өңірлер есебінен 534 адам, 90 техника, 34 суда жүзу құралдары, 24 мотопомп қамтылған топтар құрылды. Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында су тасқыны салдарын жою топтарында 2313 адам, 315 техника, 47 суда жүзу құралдары, 27 мотопомп қамтылған. Сонымен қатар облыс орталықтарында елдің шалғай аймақтарына қажетті күштер мен материалдық ресурстарды, тіршілікке қажетті құралдарды жеткізу үшін «Қазавиақұтқару» АҚ 9 тікұшағы әзірленген. Елді мекендерде су тасқыны қаупі туралы ескерту үшін 413 полиция патрулі көліктерінің бағыттары жаңартылды.