АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында қар суының жолдардан асып ағуына байланысты Қарағанды қаласынан Павлодар облысы шекарасына дейін ("Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновский" тас жолының 0-93 шақырымы) және Қарағанды-Қарқаралы автожолында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады. Сондай-ақ, Павлодар облысында да қар суының жолдардан асып ағуына байланысты Майқайыңнан Қарағанды облысы шекарасына дейінгі жолда ("Ульяновск-Керей-Үміткер" тас жолының 93-265 км аралығы) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.