Ақтөбе облысының бірнеше жол учакелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 19.01 күні сағат 12.10-нан ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) «Ақтөбе-Орск» а/ж (21-135 ш., Пригородный ауылы-РФ шекарасына дейін) барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылған болатын.
Сағат 15.46-дан ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) «Дөң-Бадамша-Ақтөбе-Орск» а/ж 19-48 ш., Хромтау қ.-Бадамша п. дейін); «Ақтөбе-Родниковка-Мәртөк» а/ж (43-74 ш., Родниковка а.-Қаратоғай а.) барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылған.
Сағат 16.30-дан ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) облыстық а/ж «Хромтау-Никельтау» (0-25 ш., Хромтау қ.-Никельтау п.) республикалық а/ж «Солтүстік айналма» (0-39 ш.) барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды.
Сағат 22-15-тен бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) "Ақтөбе-Астрахань" а/ж (11-175 ш., Ақтөбе қ.-Шұбарқұдық а.) барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды.
Сондай-ақ, Қостанай облысында 20-00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) облыстық "Әулиекөл-Жолдама" а/ж (0-257 ш. Аулиекөл а.-Амантоғай ауылына дейін) барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды.