«Сіздер, әрдайым, үйде отбасының алтын қазығы, ерлердің сенімді тірегі, ал қызметте жарқын да игі істердің бастамашысы бола білдіңіздер. Қай қызметте болсын орталарыңызды шуаққа бөлеп, өздеріңізге жүктелген кәсіби міндеттерді зор жауапкершілікпен атқарып келесіздер. Бойларыңыздағы әйелге тән сұлулық, ақыл мен парасаттылық қасиеттер өздеріңізге деген құрмет сезімін арттырады», - деді еліміздің Бас көлік сақшысы мерекелік шарада.
Айта кету керек, бүгінде полицей әйелдер қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мен қылмыстың алдын алуда ер азаматтармен иық тіресе еңбек етіп жүр. Мәселен, департаменттің әр түрлі құрылымдарында 210 әйел қызмет өткеруде. Олардың қатарында 4 полковник 20 подполковник бар.
Төл мерекелері қарсаңында ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарған 7 полицей-әйел, сондай-ақ, қызметте жоғары нәтиже көрсеткен 69 қыз-келіншек департаменттің грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.