2015 жылы еліміздегі жалпы білім беру мектептерінде 11 сыныпты аяқтайтын түлектердің саны 124 мыңнан асты.
2-15 маусым аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеуге 87 770 түлек қатысады.
2014-2015 оқу жылының қорытындысы бойынша «Алтын белгiні» алудан 4 498 түлек үмітті.
«Соңғы қоңыраудың» мектеп өмірінде алатын орны ерекше. Бұл мерекеде түлектер балалық шақтарымен, алтын ұя мектептерімен және он бір жыл бойы тәлім-тәрбие беріп, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымен қоштасады.