Алматы облысында 31 желтоқсан күні сағат 18:00-дан бастап ауа райының нашарлауына (боран, жолдың көрінбеуі) байланысты «Сарыөзек-Көктал» республикалық маңызы бар автожолының 40-80-ші шақырымы аралығында (Қоғалы ауылы мен Басши ауылы) барлық көліктерге жол жабылды.
31 желтоқсан күні сағат 16:30-дан бастап ауа райының нашарлауына (боран, жолдың көрінбеуі) байланысты «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолының 83-ші мен 184-ші шақырымында барлық көліктерге жол жабылды.
Шығыс Қазақстан облысында 31 желтоқсан күні сағат 17:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты бұркасын) «Алматы - Өскемен» республикалық маңызы бар автожолының 973-1048 км аралығында жолаушылар автокөлік түрлеріне және тіркеме, жартылай тіркеме автокөліктерге қозғалыс жабық.
Қостанай облысы 31 желтоқсан күні сағат 19:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (дауыл, жолдың көрінбеуі) облыстық жолдар барлық автокөліктері түрлеріне жабылды: - а/ж «Әулиекөл -Жолдама», 0-257 км.