Елисей сарайының бағында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон бейресми әңгіме өрбітті

Фото: t.me/bort_01

ПАРИЖ. KAZINFORM - Мемлекеттер басшылары серуенге Жюль және Жанна атты тазыларды ертіп шықты. Бұл туралы Телеграмда Борт 1 арнасы жазды.

Бұл асыл тұқымды тазыларды былтыр Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентінің Қазақстанға жасаған сапары кезінде сыйға тартқан болатын. 

Фото: t.me/bort_01
Фото: t.me/bort_01
Фото: t.me/bort_01

Айта кетейік, бұған дейін Президенттің Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барғанын жазғанбыз.

Сонымен қатар, Kazinform тілшісі Қазақстан мен Франция қарым-қатынасының нығаюын жан-жақты қамтып көрді.

Елисей сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Мемлекет басшысы Франция Президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.