— 2019 жылы еліміздегі негізгі мәселе үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер болатын. Оқушы орнының тапшылығы өзекті түйткіл еді. Соңғы 7 жылда 1300-ден астам жаңа мектеп бой көтерді. Оның 217-сі — «Келешек мектептері». Бұл ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтуға да септігін тигізді. Өйткені, балаға мектепте білім алуға қолайлы жағдайда жасалса, оның білімге деген қызығушылығы оянады. Бұл көптеген зерттеуде дәлелденген, — деді ол.
Сонымен бірге, қазір үш ауысымды және апаттық жағдайдағы мектептер мәселесі емес, оқу бағдарламасының мазмұны, білім сапасы басты назарда екенін атап өтті.
— Тоқтаусыз алға кетіп бара жатқан әлемде көштен қалмай, керісінше, алға шығатын, озық, сапалы, технологиялық ұлт болу міндетін Мемлекет басшысы бізге қойып отыр, — деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін жасанды интеллектіні мектептерге енгізу қалай іске асып жатқанын жазғанбыз.