2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді жекелендірілген жоспарлау жүйесін енгізді. Енді дәрі-дәрмекке деген қажеттілік әр пациенттің жеке деректері мен дәрігер тағайындаған емге қарай есептеледі.
Жаңадан анықталған пациенттерді дәрімен қамтамасыз ету және емдеу барысындағы үзілістерге жол бермеу үшін препараттардың азайтылмайтын қоры да ұлғайтылды. Ол сатып алынатын дәрілердің жылдық жалпы көлемінің 35 пайызына дейін жетеді.
Сонымен қатар дәрілік препараттарды өңірлер мен медициналық ұйымдар арасында жедел қайта бөлу тетігі қарастырылған.
Жалпы, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету аясында 76 ауру бойынша 2,1 млн пациентке шамамен 245 млрд теңгенің дәрісі беріледі.
Еске салайық, бұған дейін «СҚ-Фармация» диабетпен ауыратын науқастардың тегін дәрі-дәрмек жоқтығына қатысты шағымына жауап берген еді.