– Пилоттық жоба мұғалімдердің менталдық денсаулығын қолдауға, кәсіби күйзелістің алдын алуға және стрессті басқаруға мүмкіндік береді, - делінген министрлік хабарламасында.
Кабинетте кәсіби психолог жеке және топтық кеңес өткізеді, релаксация мен арт-терапия сабақтарын ұйымдастырады, тренингтер мен психологиялық диагностика жүргізеді.
Бұл қызметтерді педагогтер «Өрлеу» орталығында біліктілікті арттыру курстарынан өту кезінде пайдалана алады. Жұмыс барысында этикалық нормалар, еріктілік және құпиялылық қағидаттары қатаң сақталады. Алдағы уақытта осындай кабинетті еліміздің басқа өңірлерінде де ашу жоспарланып отыр.
Бұған дейін 7 мыңға жуық педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқанын жазғанбыз.