Елімізде алтын бағасы қанша

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанда алтын бағасы бір апта ішінде 7% төмендеді.

Коллаж: Kazinform/ Midjourney

ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 19 қараша күні таңертеңгі жағдай бойынша бір грамм алтынның құны - 53 839,46 теңге.

Ал өткен аптада алтынның бір грамы 57 916,01 теңгеге бағаланған болатын. Осылайша, бір апта ішінде оның бағасы 4 076,55 теңгеге төмендеген.

Reuters агенттігінің мәліметінше, 18 қарашада әлемдік нарықтағы алтын бағасы 3%-дан астам төмендеп, соңғы бір жарым жылдағы ең төменгі деңгейге жеткен.

Атап айтқанда, алтынның споттық бағасы 3,2% арзандап, бір трой унциясы 3 726,19 доллар болды. Ал АҚШ-тағы алтын фьючерстерінің бағасы да 3,2% төмендеп, бір унциясы 3 741,90 долларға дейін түсті.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан қыркүйек айында бес тонна алтын сатып алғанын жазғанбыз.