Қазақстан қыркүйек айында бес тонна алтын сатып алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан 2026 жылғы қыркүйекте халықаралық резервтерін толықтыру үшін бес тонна алтын сатып алды. Бұл туралы Дүниежүзілік алтын кеңесінің (World Gold Council, WGC) есебінде айтылған, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

золото
Фото: Pixabay

Ұйымның мәліметінше, Қазақстан әлемнің орталық банктері арасында алтынды ең көп сатып алған елдердің қатарына енді. Қыркүйек айында ең көп алтын сатып алған елдер — Польша мен Қытай. Олар тиісінше 25 және 23 тонна алтын қорын толықтырған.

Сондай-ақ қыркүйекте Өзбекстан (+7 тонна), Иордания (+4 тонна), Чехия (+2 тонна) және Боливия (+1 тонна) да алтынды таза сатып алушылар қатарында болды.

Жалпы, әлемнің орталық банктері қыркүйек айында 61 тонна алтын сатып алды. Бұл — 2026 жылдың басынан бергі ең жоғары айлық көрсеткіш.

Ал жыл басынан бері әлемнің орталық банктері алтынды таза сатып алу көлемін 228 тоннаға жеткізді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға аз.

Бұған дейін Дубайда салмағы 16,5 келі тартатын алтын сырға Гиннестің рекордтар кітабына енгенін жазған болатынбыз.