25 желтоқсан күні Алматы облысы әкімінің өкімімен Мәди Ахметов Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Әр жылдары «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы, халықаралық бизнес университетінің қоғаммен байланыс жөніндегі Менеджері, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары болды.
Сонымен қата «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты лауазымдарын атқарған, Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында штаттан тыс кеңесшісі ретінде қызмет атқарған.
26 желтоқсанда ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Абай облысы ПД бастығының орынбасары қызметіне Бейбіт Исақов тағайындалды.
Ол осыған дейін облыстағы Курчатов қаласы полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарған.
Бейбіт Мұратұлы — бұрынғы Семей облысының тумасы.
Құқық қорғау органдарында 2007 жылдан бері қызмет етіп келеді.
Әр жылдары түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
Соның ішінде облыс құрылған уақыттан бастап осы күнге дейін Абай облысы Курчатов қаласының полиция бөлімін басқарды.
Шені — полиция подполковнигі.
Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан өзінің жаңа орынбасарына сәттілік тілеп, бірқатар міндет қойды.
Аптаның 2-і күні Жанат Нұрмағамбетова БҚО бала құқықтары жөніндегі уәкілі болып тағайындалды.
Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия мүшелеріне жаңа уәкілді таныстырды.
Бақытжан Хаберұлы өз сөзінде Жанат Жандоллақызының қадағалау саласында — ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің БҚО бойынша басқармасында түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған тәжірибелі тұлға екенін жеткізді.
Сейсінбі күнгі тағы бір тағайындау ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімен, облыс әкімінің өкімімен Мұсабаев Әділбек Нажмадинұлы Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Әділбек Нажмадинұлы 1975 жылы 31 шілдеде Қызылорда облысында дүниеге келген.
«Саясаттану және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша Таяу Шығыс техникалық университетін (Түркия) бітірген.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша Карнеги Меллон университетінің (Пенсильвания, АҚШ) магистратурасын тәмәмдаған және Қызылорда мемлекеттік университетін «Құқық және құқықтық білім әдістері» мамандығы бойынша бітірген.
Әділбек Мұсабаев 2000-2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде түрлі дипломатиялық лауазымдарда қызмет атқарған.
2002-2005 жылдары «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ның департамент директоры, басқарушы директоры болып жұмыс істеген.
2005-2008 жылдар аралығында «Мақта келісім-шарт корпорациясы» АҚ, «Қазақстан Мақтасы» АҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.
2008-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде басшылық қызметтерінде, Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитеті басқарма басшысы, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясыдағы Елшілігінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.
Бұл қызметке тағайындалғанға дейін Абай облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.
Отбасылы, төрт баласы бар.
26 желтоқсанда Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып Мақсұт Өмірханов тағайындалды.
Мақсұт Өмірханов 1974 жылы 19 мамырда қазіргі Абай облысы Бесқарағай ауданында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Нархоз) «қаржы және несие», кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану», Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.
Құрылыс мамандығынан инженерия және технология магистрі дәрежесі бар.
Еңбек жолын «КСРО 50 жыл» колхозында маусымдық жұмыстардан бастады.
Мақсұт Өмірханов тоқсаныншы жылдары Алматыда қор биржасында, сақтандыру және банк жүйесінде жұмыс істеген.
«Менау Әже қоры» қоғамдық қорын басқарды.
2003-2019 жылдары «Ұлттық аккредиттеу орталығы» БАҚ біліктілікті арттыру институтының директоры, Алматы қаласындағы «Ұлттық аккредитациялау орталығы» БАҚ өкілеттілігінің басшысы қызметін атқарған.
2021 жылы Мәскеу қаласы «Рубеж» аймақтық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары болған.
2022 жылға дейін «Халал индустриясының аккредиттелген субьектілер одағы» (UAHIB) төрағасы қызметін атқарған.
Тағайындалғанға дейін Астана қаласының активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары болған.
Астана қаласындағы «№ 1 автобус паркі» АҚ директорлар кеңесінің, Астана қаласындағы «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС бақылау кеңесінің мүшесі болған.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалі, сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталған.
29 желтоқсанда СҚО-дағы Жамбыл ауданына жаңа әкім тағайындалды.
Азамат Бектасов 1989 жылы СҚО, Есіл ауданында туған.
2011 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Экология», 2021 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Есіл ауданы Покровка ауылында арнайы пәндер оқытушысы болып жұмыс істеді.
2013 жылдың қараша айынан – осы ауылдағы агрохимиялық пәндер оқытушысы.
2014 жылдың маусымынан - СҚО бойынша экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы.
2015 жылдың қазан айынан – СҚО бойынша экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы.
2017 жылғы мамырдан бастап – СҚО бойынша экология департаменті басшысының орынбасары.
2020 жылдың қыркүйегінен - Қарағанды облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары.
2020 жылғы желтоқсаннан – «СҚО әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ басшысының орынбасары.
2021 жылдың маусымынан осы күнге дейін СҚО бойынша экология департаментінің басшысы болып еңбек етті.