Министрліктің баспасөз қызметі мәлім еткендей, кездесу барысында Қазақстанның ИКАО-мен өзара іс-қимылы, авиациялық қауіпсіздікті нығайту және азаматтық авиация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Министр азаматтық авиация саласын дамыту бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.
— 2028 жылға дейінгі үш жылдық жоспар шеңберінде әуе қатынасы бағыттарының желісін кеңейту, әуежайларды жаңғырту, әуе кемелері паркін жаңарту және авиация мамандарын даярлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, ИКАО-ның сараптамалық қолдауымен 2050 жылға дейінгі азаматтық авиацияны дамыту жөніндегі мастер-жоспар әзірленуде, — делінген хабарламада.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар азаматтық авиацияның басым бағыттары бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі екенін растады.
Бұдан бұрын Қазақстан алғаш рет ИКАО-ның Авиациялық қауіпсіздік апталығын өткізетінін жаздық.
Сондай-ақ Қазақстанға ресми сапармен ИКАО Бас хатшысы келгені белгілі болды.