ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кейінгі 10 жыл ішінде балалар арасындағы қатерлі жаңа өскіндерге шалдығу деңгейі тұрақты сақталып отыр және 100 мың балаға шаққанда 9,7 жағдайды құрайды.
Қатерлі ісіктер құрылымы халықаралық деректермен ұқсас:
• жедел лейкоздар – 30%-дан астам,
• орталық жүйке жүйесінің ісіктері – шамамен 17%,
• лимфомалар мен нефробластомалар – 10–11%,
• нейробластомалар – шамамен 7%.
Иммунотерапия мен таргеттік терапияны қоса алғанда, заманауи емдеу әдістерін енгізудің нәтижесінде Қазақстанда балалар арасындағы қатерлі ісіктерден аман қалу көрсеткіші 70%-дан асады.
Кейінгі 5 жылда 40-тан астам бала нейробластома, лимфома және лейкозды емдеуде моноклоналды антиденелерге негізделген инновациялық дәрілік препараттар алған.
Еске сала кетейік, бұған дейін қатерлі ісікке қарсы отандық дәрі қашан дайын болатынын жазған едік.