Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметіне жүгінсек, 2026 жылғы 12 қарашадағы жағдай бойынша бір грамм алтынның құны — 57 916,01 теңге.
Ал бір апта бұрын алтынның бір грамы 58 881,18 теңге болған. Осылайша, бір апта ішінде алтынның бағасы 965,17 теңгеге түскен.
Reuters агенттігінің мәліметінше, 2026 жылғы 13 қарашада алтынның споттық бағасы 1%-ға өсіп, бір трой унциясы 3 915,31 долларға жеткен.
АҚШ нарығында алтынның желтоқсан айындағы фьючерстері де 0,9%-ға өсіп, 3 919,60 доллар болды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан қыркүйек айында бес тонна алтын сатып алғанын жазғанбыз.