Қостанай облысында екі өрт оқиғасы тіркелді. Тағы бір өрт «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында болды.
Өрт ошақтары авиациялық мониторинг барысында анықталды. Өрттерді сөндіру жұмыстарына орман күзеті қызметкерлері мен қажетті арнайы техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда өрт ошақтары толықтай сөндірілді.
— Орман өрттерінің алдын алу мақсатында азаматтарды табиғат аясында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға және отты пайдаланғанда барынша мұқият болуға шақырамыз. Орманды қорғау және табиғи байлықтарды сақтау — баршамызға ортақ міндет, — делінген хабарламада.
Осыған дейін Қызылорда облысында жүк көлігі мен тіркемесі өртенгенін хабарладық.