Қызылорда облысында жүк көлігі өртенді
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті маңындағы автожолда жүк көлігі мен оның тіркемесі өртенді.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиғада зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар өртті тез арада толықтай сөндірді.
— Жол бойында көлік жүргізушілері қауіпсіздік талаптарын сақтап, көліктің техникалық жағдайын алдын ала тексеруі қажет. Өрт немесе түтін байқалған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыздар, — делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада автотұрақта тұрған 5 көлік өртенген болатын.
Сондай-ақ Алматыда жолаушылар троллейбусы өртенді.