Елімізде доллар 525-529 теңгеден саудаланып жатыр

Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар: сатып алу — 525,04 теңге, сату — 526,93 теңге;
— еуро: сатып алу — 606,03 теңге, сату — 610,21 теңге;
— рубль 6,40 — 6,51 теңге аралығында саудаланады.
— юань 74,11 — 76,69 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар 522,52 теңгеден сатып алынады, 529,52 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 602,49 теңге, сату — 612,49 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,37 теңге, сату — 6,52 теңге.
— юань 74,93 теңгеден сатып алынады, 78,97 теңгеден сатылады;

Еске салайық, 10 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,27 теңгеге арзандап, 523,58 теңге болды.