Елімізде кәсіби спорт пен футбол клубтарын қаржыландыру қысқартылды

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде футбол клубтарын қаржыландыру 2,2 млрд теңгеге қысқартылды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтты.

Фото: Pixabay.com

— Агенттік жоғары жетістіктер спортын қаржыландыру саласында жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг жүргізді. Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдармен бірге келесі жұмыстар істелді:

̶ Бұқаралық және кәсіби спортты қаржыландырудағы диспропорция жойылды. Мысалы, егер 2023 жылы бұқаралық спортқа 35 млрд теңге, ал кәсіби спортқа 340 млрд теңге бөлінсе, биыл сәйкесінше 195,4 млрд және 185,5 млрд бөлінді.

̶  Жалған спорттық іс-шараларға және жалақыларға негізсіз үстемақыға жұмсалған 1,3 млрд теңге бюджетке өтелді (Астана қ. – 398 млн, Қостанай обл. – 350 млн, Алматы қ. – 182 млн, Түркістан обл. – 53 млн).

̶  Футбол клубтарын қаржыландыру 2,2 млрд теңгеге қысқартылды. Мысалы, Түркістан облысы 1 млрд, Ақмола облысы 390 млн, Қостанай облысы 350 млн, Павлодар облысы 300 млн, Жетісу обл 146,2 млн теңгеге

̶  Кәсіби спортты қаржыландру 4,6 млрд теңгеге төмендетілді (12,1-ден 7,5 млрд-қа). Мәселен, Шымкент қаласында 4,2 млрд, Ақмола облысында 242 млн, Түркістан облысында 86 млн, Павлодар облысында 58,5 млн, Абай облысында 38 млн, Шығыс Қазақстан облысында 2 млн теңгеге, - деді ол.

Сондай-ақ, тиімсіз басқарудан 8 спорт нысаны қайтарылған. Мысалы, Алматы қаласында – 2 («Халық Арена», «Алматы Арена»); Атырау облысында – 2 («Мұз сарайы», «Орталық бассейн»); Батыс Қазақстан облысында – 3 («Ақжайық» ФК ғимараты мен стадионы, қысқы спорт түрлері бойынша БЖСМ); Қостанай облысында – 1 (Мұз сарайы) нысан қайтарылған.

Айта кетейік, Астанада пара алып, балабақша орнын саудаға салған шенеунік ұсталды.

Спортты дамыту дирекциясының басшысы 584 млн теңге қаржы жымқырғаны анықталды.

Антикор екі жылда 1 трлн 100 млрд теңгенің заңсыз активтері қайтарды.

Заңсыз активтер көбіне қай елдерден қайтарылып жатқаны айтылды.

Жамбылда ұсталған күдікті полицей Антикор қызметшісіне қару кезенген.

«Каспий» ФК басшысы діни ағым өкілдерімен бірлесе ақша бопсалағаны белгілі болды.