Бейнежазбадан байқалғандай ер адамға жасын оты түскен. Желі қолданушылардың кейбірі бұл оқиғаның Қазақстанда, яғни Балқашта болғанын жазған. Алайда Қарағанды облысының Полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Аталған факті шындыққа жанаспайды. Ресми ақпаратқа сенулеріңізді сұраймыз», - делінген хабарламада.
Осы орайда Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктің барын еске салды.