«Қазіргі уақытта Қазақстанда 13 шет мемлекет (БАӘ, Германия, Латвия, Литва, Нидерланд, Түркия, Иран, Италия, Ресей, Беларусь, Пәкістан, Грузия, Ауғанстан) азаматтарының қатысуымен 64 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Аталған компаниялар және олардың автокөлік құралдары Қазақстанда тіркелген және олар іс жүзінде қазақстандық тасымалдаушылар саналады. Сонымен қатар олар ел экономикасына инвестициялауға қатысады. Салықтар мен алым төлейді және қосымша жұмыс орындарын құрады», - деп атап өтеді министрліктен агенттік сауалына берген жауабында.
Көлік министрлігі БАӘ, Дания, Македония және Португалиямен автотасымалдау саласындағы үкіметаралық келісім рәсімдеуді Қазақстан Республикасының Халықаралық шарттарды жасасудың 2025-2027 жылдарға арналған перспективті жоспарына енгізіп отыр.