«Жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы 87 мың қорғау нұсқамасы таратылды. Отбасында зорлық-зомбылық көрсетушілер полицейлердің бақылауында. Айыптыға бірқатар шектеу қойылады, осыған талаптарды бұзу бойынша 12 мың фактінің жолы кесілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қоғамда түрлі құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидаты қалыптасқанын атап өткен жөн», - деді Ренат Зұлхайыров ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткішінің азайғаны байқалып отыр.
«Полицейлердің күш көрсетушілерге қарсы шара қабылдауында кейбір мәселелер бойынша құзыреті рұқсат бермейді. Осыған байланысты Үкімет тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша яғни осы салалағы саясатты қайта қарау жөніндегі жол картасын іске асырып жатыр», - дейді ол.