Атап айтқанда, Беларусьтік Виталий Жуковский «Қызылжар» футбол клубының жаңа бас бапкері атанды.
Өз мансабында ол футболшы ретінде өз елінің БАТЭ футбол клубымен Беларусь кубогын жеңіп, чемпионаттың күміс жүлдегері атанған.
Бапкерлік қызметінде «Ислочь» командасын Жоғары лигаға шығарып, ел тарихындағы ең жас бас бапкер атанды. Оны қазақстандық жанкүйерлер «Атыраумен» бірге Қазақстан кубогының финалына дейін жеткенін жақсы біледі.
Қызылорда облысы «Қайсар» футбол клубының басқарушы директоры болып Бақытжан Пазылхайыр тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Бақытжан Пазылхайыр Қызылорда қаласында дүниеге келген. Әр жылдары Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінде, «Amanat» партиясында, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-да түрлі басшылық қызмет атқарған.
Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының атқарушы директоры болды.
Сондай-ақ Кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды ұйымдастыру дирекциясын басқарды.
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен Қарқаралы ауданының әкімі болып Саят Мусин тағайындалды, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.
Жаңа әкімді аудан активіне облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев таныстырды. Өңір басшысы Саят Мусиннің кәсіби біліктілігі мен басқарушылық тәжірибесін атап өтіп, аудан басшысы ретінде бірқатар міндет жүктеді.
Саят Мусин мемлекеттік қызметте 2015 жылдан бері еңбек етіп келеді.
Ол еңбек жолында ветеринария саласында түрлі лауазымдарды атқарған. Атап айтқанда, АӨК мемлекеттік инспекциясының бас маманы – ветеринар дәрігері, Абай ветеринариялық станциясы директорының міндетін атқарушы, Қарағанды облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары қызметтерінде болды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры лауазымына тағайындалды.
Берік Асылов 1964 жылы дүниеге келген.
1991 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын прокуратура органдарында бастаған. 1992-2001 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші және аға тергеуші, Алматы авиациялық көлік прокурорының орынбасары болды.
Сондай-ақ Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімін басқарды.
2001-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында басшылық қызметтер атқарды. Шымкент қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары және бірінші орынбасары болды.
2006 жылдан бастап Батыс өңірлік көлік прокуроры, Ақтөбе облысының прокуроры қызметтерін атқарды.
2010 жылғы 28 шілдеде ҚР Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды.
2011-2017 жылдары Алматы қаласының прокуроры, 2017-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болды.
2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылғы 3 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметінде болды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2024 жылғы 6 мамырда оған 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені берілді.
Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылықты нығайтуға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға қосқан үлесі үшін бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған.
Олардың қатарында «Ерен еңбегі үшін» медалі, І және ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендері, «Мінсіз қызметі үшін» медальдары және басқа да марапаттар бар.
Білікті бапкер Сұлтан Әбілдаев бүгіннен бастап Қызылордадағы «Қайсар» футбол орталығының жетекшісі қызметіне кірісті.
«Қайсар» футбол клубының баспасөз қызметі хабарлағандай, ол бұған дейін балалар футболын дамыту мақсатында тәжірибе жинақтаған маман ретінде танымал.
Сонымен қатар «Қайсар» футбол клубының бас бапкері қызметін атқарған. PRO санатындағы жаттықтырушы. Сұлтан Тоқатайұлына футбол орталығының жұмысын жүйелі дамыту, жас футболшыларды тәрбиелеу, резерв дайындау ісін жаңа деңгейге көтеру сияқты тапсырмалар жүктелді.
Асламбек Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы болып қайта тағайындалды.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.
Қанатбек Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының басшысы болды.
Қанатбек Бақытұлы 1980 жылы 8 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін 2012 тәмамдап, экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының Қызылордадағы филиалында оқытушы болып бастады.
2001 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттық әкімшілендіру комитетінің Қызылорда облысы бойынша Сот әкімшілігінің бас маманы болып қызмет атқарды.
2001 жылғы желтоқсан айында Қызылорда облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік құқық жұмысы бөлімінің бас маманы, кейін 2003 жылғы қыркүйектен бастап осы бөлімнің меңгерушісі болып тағайындалды.
2005-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде Құқықтық қамтамсыз ету басқармасының бастығы болып қызмет атқарған.
2007-2008 жылдар аралығында «Kazakh Integrated Services» ЖШС және «CNRG Capital» ЖШС-ның Астана қаласындағы өкілдігінде заңгер болып қызмет етті.
2008-2016 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, аппарат басшысы лауазымдарын атқарған.
2016 жылғы қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2021 жылғы сәуірден – 2022 жылғы 9 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті.
2022 жылғы 9 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
2023 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
«Құрмет» (2018), «Парасат» (2025) ордендермен және естелік медальдармен марапатталған.
Үйленген, 3 баласы бар.
Бауыржан Орынбасаров «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы Самұрық-Қазына Қорының баспасөз қызметі хабарлады.
Бауыржан Орынбасаров 1970 жылғы 22 қазан күні Қызылорда облысында туған.
1993 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Тасымалдау үдерістерін басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
Батыс Қазақстан темір жолында қызметкер (1993–1994)
Қызылорда станциясының паркі бойынша кезекші, Алматы-2 станциясының кезекшісі, Алматы бөлімшесінің пойыз диспетчері (1994–1997)
«Қазақстан темір жолы» РМК Жүк тасымалының бас басқармасында жол диспетчері, жетекші инженер, бас маман, бөлім басшысы, сондай-ақ Бас директордың бірінші орынбасарының көмекшісі, кеңесшісі, Тасымалдау үдерісін үйлестіру басқармасының бас инженері (1997–2004)
«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары – Тасымал дирекциясының бас инженері, Магистральдық желі дирекциясының бас инженері, Қарағанды бөлімшесі директоры, Тасымалдау үдерісі дирекциясының директоры, Алматы бөлімшесі директоры (2004–2010)
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Бас инженер – басқарушы директор, Операциялық жұмыс жөніндегі басқарушы директор (2010–2014)
«Қазтеміртранс» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы (02.2014–04.2014)
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Вице-президенті (2014–2016)
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Бас инженері (2016–2017)
Инфрақұрылымдық жобалар жөніндегі вице-президент (24.03.2017–11.2018)
Инфрақұрылым жөніндегі басқарушы директор, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры (11.2018–04.2021)
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы (04.2021–01.2022)
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Өндірістік үдерістер жөніндегі басқарушы директоры (2022 жылғы қаңтардан бастап)
Бауыржан Орынбасаров «Құрмет» (2011 ж.) және «Парасат» ордендерімен (2016 ж.) марапаттталған.
Әнуар Өскенбаев «Қазсушар» РМК-ның бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.
Әнуар Әуезұлы 1976 жылы дүниеге келген.
1998 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2003 жылы Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетін аяқтаған.
Еңбек жолын 2000 жылы «Қазфосфат – НДФ» ЖШС-нің Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бөлімінде слесарь-жөндеуші, кейін инженер қызметінен бастаған. Кейін Астана қаласындағы «Жолаушылар тасымалы» ЕМК-де өндірістік-техникалық бөлімнің инженері болып жұмыс істеген.
2005-2007 жылдары Қазақстан Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитетінде алдымен бас маман, кейін талап-арыз жұмысы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2007-2013 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде еңбек етіп, бас сарапшыдан заң бөлімінің меңгерушісіне дейінгі қызметтік жолдан өтті. Әр жылдары Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Алматы қаласының Тұрғын үй басқармасының басшысы, сондай-ақ Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі қызметтерін атқарған.
2021-2025 жылдары «Қазақстан экономикалық бастамалар қоры» корпоративтік қорының директоры болды.
2025 жылғы ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін «Қазсушар» РМК бас директорының активтерді басқару жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Ал былтыр қазан айынан бері «Қазсушар» РМК бас директорының міндетін уақытша атқарып келді.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның Қырғызстан, Қатар, Мажарстан және Сербиядағы жаңа елшілері тағайындалып, бірқатар дипломат қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен жаңа қызметке тағайындалғандар:
Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына;
Бақыт Данабекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына;
Анель Бақытбекқызы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына;
Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы, Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен қызметінен кеткендер:
Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Белгілі боксшы Қанат Ислам Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков Бурабайда өтіп жатқан шетелдегі қазақ балаларына арналған «Атамекен» халықаралық балалар құрылтайында мәлімдеді.
— Шетелде туып-өскен қазақтың қас батыры, әлемдік рингте ел намысын қорғаған Қанат Исламды жұртшылық жақсы таниды. Ол — спорттағы жетістігімен қатар, ұлт мүддесіне жанашыр азамат. Құрылтайға қатысып отырған жас ұрпақтың арасынан Қанаттай елге қызмет ететін азаматтар өсіп шықсын деген ниетпен оны қауымдастық жұмысына шақырып отырмыз. Алдағы уақытта оның ел игілігі үшін атқаратын жұмыстары көп болады деп сенеміз, — деді Зауытбек Тұрысбеков.
Президент Әкімшілігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Қасымбек Сайлауов Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Бұл кадрлық тағайындау туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы – жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор Мұрат Теміржанов мәлімдеді.
Қасымбек Пернебекұлы Сайлауов 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Құқықтану және мемлекеттік басқару мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК заңгері болып бастады.
Әр жылдары учаскелік полиция инспекторы, Шымкент қаласының жер комитетінде заңгер, қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманы және бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2010-2011 жылдары Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясының мемлекеттік бақылау және жерді қорғау бөлімін басқарды. Кейін Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары, бөлім басшысы және қала әкімінің кеңесшісі болды.
2020 жылы Шымкент қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
2023-2025 жылдары «NURDAUA» ЖШС-де еңбек етіп, кейін «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-да құрылыс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры болды.
2025 жылдың ақпан айынан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Мирас Қалиұлы Төлебаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
1986 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылғы шілде айында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ Корпоративтік даму және стратегиялық талдау департаментінің бас маманы болып бастаған.
2009 жылғы наурыз айында Экономикалық жоспарлау департаментінің бас менеджері қызметіне ауыстырылып, 2010 жылдың қаңтарына дейін осы қызметте еңбек етті.
2010 жылдың ақпанынан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс атқарды: 2010-2011 жылдары – ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Лицензиялау лицензиялаудан кейін бақылау және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы.
2011-2012 жылдары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің Лицензиялау лицензиялаудан кейін бақылау және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы. 2012-2014 жылдары – ҚР Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі Мемлекеттік инспекциялық комитетінің Лицензиялау және заң қызметі басқармасының бас сарапшысы.
2014-2015 жылдары – Қызылорда облысының Индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2015-2016 жылдары – Қызылорда облысының Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы. 2017 жылы – Елорданы тұрақты дамыту орталығы директорының орынбасары.
2017-2022 жылдары – Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті басқармасының басшысы. 2022-2023 жылдары – Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары. 2023-2025 жылдары – ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары.
2025 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін жеке құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс істеді.
Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Манас Ембергенұлы Рамазанов денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын, Д.А.Қонаев университетін, Т Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
1984–2006 жылдары Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығында еңбек етіп, кіші ғылыми қызметкерден шұғыл хирургия бөлімшесінің меңгерушісіне дейінгі кәсіби жолдан өтті.
2006-2007 жылдары – Емдеу және сақтандыру жұмысының Департаменті хирургиялық көмегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы.
2007-2008 жылдары – «А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» – Ғылыми-клиникалық жұмысы бойынша директордың орынбасары.
2008-2013 жылдары – Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшының орынбасары.
2013-2014 жылдары – ҚР ДСМ Алматы қаласындағы Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитеті Департаментінің басшысы.
2014-2018 жылдары – Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері.
2018 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының №7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарды.