Ауа райы болжамы: 4 қарашада еліміздің басым бөлігінде қар жауады
01:48, 04 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет 4 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
— Қазақстанның басым бөлігі жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. Түнде солтүстік аймақта, күндіз еліміздің орталығында қар жауады. Ал оңтүстікте, таулы аймақтарда қар және жаңбыр жауады. Республика аумағының батыс аймағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, мұздақ құбылыстары болжанып отыр, - деп хабарлады синоптиктер.
Жамбыл облысының батысында, шығысында, орталығында, Алматы облысының батысында, Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Бұған дейін екі өңірде ауа райына байланысты көлік қозғалысы жылдамдығына шектеу енгізілгенін жазған едік.