Синоптиктердің болжауынша, атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар жауады.
Тек еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде антициклон жотасының әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ал солтүстікте қар аралас жаңбыр жауады.
Республика бойынша жел күшейіп, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.
Астана қаласында ауа температурасы -2 градусты көрсетеді. Оңтүстік-батыстан жел соғып, таңертең және күндіз екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
Алматыда термометр күндіз 2°C-ді көрсетіп, түнде және таңертең тұман болады.
Шымкент қаласында күн жылы, ауа температурасы 6 8 градус. Түнде және таңертең қаланы тұман басады.
Еске салайық, Қостанай облысында полицейлер ауа райына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтті.