Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, түнде еліміздің шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша түнгі және таңғы сағаттарда тұман болады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында 1 градус үсік болжанған.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі болуы ықтимал.
Сондай-ақ Қостанай облысының батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында және шығысында да жоғары өрт қаупі бар.
Мұндай болжам Түркістан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының батысында, орталығында, Жамбыл, Алматы облыстарының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында болжанған.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Павлодар, Жетісу облыстарының шығысында, Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Абай облысының шығысында да төтенше өрт қаупі болжанған.
Айта кетейік, бүгін 7 қалада ауа сапасы нашарлайды.