Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарында, сондай-ақ Жамбыл облысының таулы аудандарында және Жетісу облысында жаңбыр жауады деп болжануда.

Қызылорда облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстік-батысында және Қаратау тауларында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының басым бөлігінде, Атырау облысының шығысы мен орталығында желдің екпіні секундына 21-24 метрге дейін күшеюі күтіледі.

Таңертең Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында тұман болуы мүмкін.

ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауды, ауа райы нашарлаған кезде алыс жол жүруден аулақ болуды және ресми хабарламаларды қадағалауды ұсынады

Айта кетелік бүгін еліміздің бір ғана қаласында ауа сапасы төмендейді