Бүгін еліміздің бір ғана қаласында ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

ауа сапасы
Фото: Pixabay

– 18 мамырда Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Петропавл ЖЭО-2-ден ауаға тарайтын зиянды шығарындылар 3,5 есеге азайды. 

Ал жуырда Алматының бір ауданында ауадағы зиянды заттар нормадан бірнеше есе асып кеткен.